KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Тасжолда қозғалыс барысында көлік өртенді – ШҚО

Фото: gov.kz

1.06.2023, 15:39 257

«Өскемен-Алтай» тасжолында 1995 жылы шығарылған «Газель» маркалы автокөлік қозғалыс кезінде тұтана бастаған. Оқиға тасжолдың 109 шақырымында болған. Көліктің мотор бөлігінің бөлшектері, аспаптар панелі, салон қаптамасы, доңғалақ шиналары өртенді.

Оқиға орнына жеткен №20 ӨСБ қызметкерлері 10 шаршы метр аумақты құраған өртті толықтай сөндірді. Болжам бойынша, қауіптілігі жоғары агрегатты дұрыс қолданбаудан жалын пайда болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД көлік өртенуінің алдын алу үшін оның техникалық жағдайын мұқият қадағалап, техникалық тексеруді уақтылы жүргізу керек екенін еске салады. Көлік гаражда тұрғанда жиһаз, үлкен отын қоры (20 литрден астам) және май (5 литрден астам) сынды оңай тұтанатын заттарды сақтауға болмайды. Гараждың жанында құрғақ шөп өртеуге де болмайды.          

ШҚО ТЖД автокөлік өртене бастаған кезде көлікті тоқтатып, жолаушыларды шығарып, құжаттар мен өрт сөндіретін құралдарды алу керектігін еске салады.  

Төтенше жағдай кезінде «101» және «112»  телефондары арқылы хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив