Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы ШҚО-ға келді
ОКҚ
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин ШҚО-дағы су басу қаупі жоғары аймақтарды аралайды.
Ол болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында құрылған жедел штабтың құрамына кіретін азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Қаһарман Оразалин өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен, су басу қаупі бар аймақтардағы мониторинг және жағдай ушығып кеткен жағдайда күштер мен құралдардың дайындығымен танысты, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Алдағы күндері жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап, су тасқынын әуеден визуалды тексеруге қатысады.
Оқи отырыңыз