KZ
Өскемен
+10°
проливной дождь жел 3 м/с, СШ
442.05 474.14 4.74

Марқакөл ауданында опырылған жол қалпына келтірілді

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен
14.04.2024, 20:10 184 Назерке Каримова

«Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» трассасының 13 шақырымындағы жол ашылды.

Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны кезеңін әуеден бақылау барысында «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» трассасының 13 шақырымындағы жолды қайта келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, 12 сәуір күні «Мраморное» асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен. Азаматтардың қауіпсіздігі барысында аталмыш жол бөлігі жабылып, жедел қайта келтіру жұмыстары басталды. Бүгін аймақ басшысы жөндеу жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмалар берді. Сағат 16:00-де көлік қозғалысы жанданып, жол ашылды.

– Қазірде облыс әкімінің тапсырмасымен, жол қызметінің арнайы мамандары топырақтағы ылғал көлемін есептеп, басқа аумақтарда осындай жағдай қайталабас үшін қадағалау жүргізуде, – деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив