Мәрмәр асуындағы жол учаскесі жөнделіп жатыр
Теректі – Ұранхай – Төсқайың жолы қалпына келтіріліп жатыр. Мәрмәр асуының маңында жұмыс қызу. Бұл жөнінде Марқакөл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рүстембек Кемешев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еске салайық, облыстық маңызы бар бұл жолдың 13-ші шақырымында кеше лай көшкін жүрді. Қауіпсіздік мақсатында Төсқайың, Ұранхай, Шанағаты, Балықтыбұлақ және Бұғымүйіз ауылдарына көлік қатынасы тоқтатылды. Дегенмен аталмыш елді мекендерде азық-түлік және дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Қандай да бір жағдай туындап, аудан орталығына жедел жетуге тура келсе, мамандар көлікті өткізуге дайын.
Рүстембек Кемешевтің айтуынша, айналма жол бүгін салынады.