KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Марқакөлде лай көшкін жүріп, жол жабылды (видео)

бейнежазбадан алынған кадр

12.04.2024, 08:28 193 Оразай Жеңісұлы

Бүгін таңертең облыстық маңызы бар Теректі – Ұранхай – Төсқайың жолының 13-ші шақырымында, Мәрмәр асуының маңында, лай көшкін жүрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы тоқтатылды. Аталмыш жол Төсқайың, Ұранхай, Шанағаты, Балықтыбұлақ және Бұғымүйіз ауылдарын аудан орталығымен байланыстыратын. Бес елді мекенде 950 тұрғын бар. Облыс әкімі Ермек Көшербаев азық-түлік жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ жедел жәрдем көлігін өткізу мәселесі тез арада шешілуге тиіс.    

"Болған жағдай туралы «ОблысШығысЖол» қызметкерлері мәлімдеді. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және ТЖ қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды", - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, лай көшкін жаңбыр және қарғын су салдарынан болған. Мамандар қауіпті учаскелерді бақылауға алып, алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына күш салады.

 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу