KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
511 602.72 6.49

ШҚО тасқыны қаупі бар учаскелерде тұрақты мониторинг жүргізілуде

ШҚО ТЖД

21.04.2024, 13:05 270 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында ҚР ТЖМ ТЖ жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Риддер қаласына, Зайсан және Шемонаиха аудандарына барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мұнда ол өзендер мен бұлақтардың бойындағы үйілген бөгеттерді қарап шығып, күштер мен құралдардың дайындығын зерттеп, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін алдын алу іс-шараларының барысымен танысты.

Өңірде өзендерде су тасқыны әлі де сейілген жоқ. Осыған байланысты өзендердегі судың деңгейіне күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр. Бүгінгі таңда олар сыни белгіден аспайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу