KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

ШҚО-дағы су айдындары мен гидроқұрылыстардың жай-күйі әуеден барлануда

Данияр Сағидолдин
Данияр Сағидолдин
14.04.2024, 15:30 146 Назерке Каримова

Өңірде өзендердегі су деңгейіне және таулардағы қар жамылғысының биіктігіне күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Бұл төтенше жағдайда тез әрекет етіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жергілікті жерлердегі ағымдағы жағдаймен танысты. ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовпен бірге мониторингтік топ құрамында олар Риддер, Алтай және Самар аудандарындағы өзендер мен су құрылыстарының жай-күйін әуеден бақылап, Шемонаиха ауданындағы қызметтердің төтенше жағдайларға техникалық дайындығын тексерді және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Риддерде бірінші кезекте Громотуха, Тихая, Быструха және Үлбі өзендерінің гидроқұрылыстары мен сағалары тексерілді. Бұл жерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қаланың өзіндегі барлық су өткізгіш құбырлар мен арықтар тазартылды. Бөгеттерді инженерлер бақылауда ұстайды.

Шемонаиха ауданының Верх-Уба, Выдриха, Убинка елді мекендеріне жақын, сондай-ақ Шемонаиха қаласының маңындағы гидрологиялық жағдай қазір тұрақты.

Мониторингтік топ Алтай ауданындағы Соловьево ауылында да болды. Бұл ауылда өзен арнасынан асқан болатын. Қазір су деңгейі төмендеп, жағдай тұрақталған, көпір де қалпына келтірілген. Тәулік бойы кезекшілік жалғасуда.

Самар ауданындағы Лайлы, Ешкібай және Шұбарқайың су айдындарында да тәулік бойы кезекшілік қойылған. Су басу қаупі жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив