KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да егін егу науқанына 4,1 млрд теңге субсидия бөлінеді

фото: depositphotos.com

22.04.2024, 15:25 173 Ержан Әбіш

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 4,1 млрд теңге субсидия бөлу көзделіп отыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Атап айтсақ, тұқым шаруашылығын қолдауға 1 млрд 121 млн теңге, минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға 1 млрд 651 млн теңге, пестицидтер құнын арзандатуға 1 млрд 301 млн теңге, суару суын жеткізу құнын арзандатуға 16 млн теңге қаралған.

ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ажар Қажыбекованың айтуынша, жергілікті және республикалық бюджет есебінен минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялауға қосымша қажеттілік бойынша 1,1 млрд теңгеге бюджеттік өтінімдер жолданды.

Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ШҚФ арқылы кредиттеуге шамамен 3 млрд теңге бөлінді («Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңге).

Жыл басынан бері «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд теңгеге 22 шаруашылық, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 1,1 млрд теңгеге 22 шаруашылық қаржыландырылды.

Сонымен қатар «ҚазАгроҚаржы» АҚ ШҚФ техника мен құрал-жабдықтар лизингіне 3 млрд теңге қарастырды. Жыл басынан 2,9 млрд теңгеге 96 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға шарттар жасалды.

Барлық несие субсидиялауды ескере отырып жылдық 6%-дан аспайтын мөлшерде беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу