KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театр Өскеменге келе жатыр (ВИДЕО)

24.09.2019, 10:35 117

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тізгінді Өскеменге бұрды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы міндеттерді орындау мақсатында Әуезов театры ұжымы Өскемен қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына қазақ өнері қарашаңырағының жауһарларына айналған, ел назарында елеулі болған спектакльдерін ұсынады. Атап айтқанда:

«Таңсұлу» драмасы (авт. Ғарифолла Есім) – 5-қазан
«Қожанасыр тірі екен» комедиясы (авт. Тынымбай Нұрмағанбетов) – 6-қазан
«Қоштасқым келмейді» драмасы (авт. Александр Володин) – 7-қазан
«Абай» трагедиясын (авт. Мұхтар Әуезов) – 8-қазан.

Спектакльдер 5-6 қазан күндері Металлургтер мәдениет сарайында және қазанның 7-8 күндері Шығыс Қазақстан облысы драма театрының сахнасында қойылады.

Жоғарыда көрсетілген спектакльдердің басталу уақыты 19:00-де!

Айта кету керек, 7-қазан күні «Мұқағалимен сырласу» (авт. Б. Беделхан) және 8-қазан күні «Жүрегімнің иесі» (авт. А.Аламан) спектаклі күндізгі уақытта сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының сахнасында көрермендерге ұсынылады.

Байланыс:
+7 777 289 4377
+7 777 815 0103

doskin_01kz@mail.ru

smi.auezov@mail.ru

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив