Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Семейде
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры тізгінді Семейге бұрды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы міндеттерді орындау мақсатында Әуезов театры ұжымы Семей қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына қазақ өнері қарашаңырағының жауһарларына айналған, ел назарында елеулі болған спектакльдерін ұсынады. Атап айтқанда:
1.«Қоштасқым келмейді» драмасы (авт. Александр Володин) – 30-қыркүйек,
2. «Абай» трагедиясын (авт. Мұхтар Әуезов) – 1-қазан,
3. «Қожанасыр тірі екен» комедиясы (авт. Тынымбай Нұрмағанбетов) – 2-қазан,
4. «Таңсұлу» драмасы (авт. Ғарифолла Есім) – 3-қазан,
5. «Мұқағалимен сырласу» поэтикалық драмасын – 1-3 қазан аралығында сағат 12.00-де.
Спектакльдер қыркүйектің 30-ы күні Семей қалалық Мәдениет сарайында, 1-3 қазан аралығында Абай атындағы қазақ-музыкалық драма театрының сахнасында қойылады.
Спектакльдердің басталу уақыты 19:00-де!
Байланыс:
+7777 289 4377
+7 777 815 0103