KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Табиғи өрттің 70%-ы тұрғындардың кінәсінен болады – ШҚО ТЖД

13.05.2023, 11:22 341 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жыл сайын табиғи өрттің шамамен 70%-ы адамдардың кінәсінен болады. Ағымдағы жылы өңірде 140,2 гектар алқапта шөп өртінің 18 оқиғасы тіркелген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО ТЖД МӨББ бастығының міндетін уақытша атқарушы Нұржан Өміржанов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД мамандары өрт оқиғаларының алдын алу үшін кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Облыста қазір 225 адамнан тұратын мобильді топтар жұмыс істеуде. Оның қатарында өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер, орманшылар бар.

  "Әкімдіктер 43 өрт сөндіру бекетін құрды, жалпы саны 935 адамнан тұратын 114 ерікті өртке қарсы құрылым бар, 28 өрт сөндіру бірлігімен және 145 бейімделген техникамен жабдықталған. Мобильді топтардың қатысуымен 98 рейд жүргізіліп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 23 адам, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 410-бабы бойынша 22 адам және 336-бабы бойынша 1 адам жауапқа тартылды", дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайыновтың деректері бойынша, ағымдағы жылы облыс аумағында ағымдағы өрт қаупі кезеңінің басынан бастап 5 га алаңда 5 орман өрті тіркелген.

– Орман өртінің алдын алу мақсатында минералданған жолақтарды салу, орман жолдарын салу және жөндеу, 23 демалыс орны мен 34 тікұшақ алаңын жайластыру жоспарланған. 160 бірлік өртке қарсы техника және 3000 бірліктен астам өртке қарсы мүкәммал мен жабдық әзірленді. Орман қорында патрульдеу мен өртті сөндіруге 4 бірлік ұшу техникасы мен 17 өрт сөндіруші-десантшы тартылатын болады, – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив