KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да дауыл туралы ескерту жарияланды

Фото:depositphotos.com

1.02.2024, 22:05 109

Ертең, 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын болады деп болжануда, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с.


Өскемен қаласында 2 ақпанда күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз желдің екпіні 15-18 м/с.

 ШҚО ТЖД еске салады:

  • елді мекендерден шықпаңыз;
  • жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз;
  • жаяу жүргіншілер асықпай, құлап қалудан сақтанғаны жөн;
  • желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз;
  • автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
  • төтенше оқиғалар  туралы «101» немесе «112»-ге қоңырау шалыңыз.



Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу