KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да ертең найзағай күтіледі

pexels.com

21.04.2024, 16:00 146 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша 22 сәуірде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Өскемен қаласында да күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

- найзағай ойнаған уақытта далада жүрмеген жөн, электр құрылғыларын қуат көздерінен міндетті түрде ажырату қажет;

- егер көшеде болсаңыз, металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;

- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;

- төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив