KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
443.72 482.28 4.9

ШҚО полицейлері ерекше автошеру өткізді

30.04.2024, 09:34 69 Ержан Әбіш

ШҚО-да полицейлер жол апаты салдарынан бүлінген көліктермен автошеру өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары қала прокуратурасымен бірлесе Өскемен қаласының көшелерінде автошеру өткізіп, жүргізушілерге жол ережесін сақтамаудың қандай салдарға әкеп соғатынын көрсетті.

Бортында жол апаты кезінде бүлінген көліктері бар эвакуаторлар адамдарға жолдағы қателіктер қандай қайғылы салдарға әкелетінін анық көрсетті. Демонстрациялық автошеру барысында полицейлер дауысзорайтқыштың көмегімен қала тұрғындарына апаттардың себеп-салдарын түсіндірді.

Жыл басынан тек Өскеменде 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 70-тен астам адам түрлі жарақат алып, екеуі қаза тапқан.

Фото: Polisia.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив