KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
523.2 594.3 6.38

«Ақ жол» партиясы кандидаттардың қатысуымен автошеру ұйымдастырды

28.12.2020, 16:49 261

«Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы депутаттыққа кандидаттардың қатысуымен автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақ жол» партиясының нышаны мен жалаулары бар шамамен 20-ға жуық ақ автомобиль автоколоннасы тиісті қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Алматы қаласының көшелерімен жүріп өтті.

Автошеру «Нұрлы тау» Бизнес орталығынан басталып, келесі бағыт бойынша жалғасты: әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі - Рысқұлов даңғылы – Сүйінбай даңғылы – Шолохов көшесі – Сейфуллин даңғылы - әл-Фараби даңғылы.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу