KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Алматы-Өскемен автожолында оқыс жол апаты орын алды

Polisia.kz

25.02.2024, 17:10 154 Назерке Каримова

Жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Жол апаты «Алматы-Өскемен» автожолының 211 шақырымындағы Көксу ауданында орын алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол бергені алдын ала анықталды, - деп хабарлады Polisia.kz. - Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.


Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив