Жағалау алдын ала нығайтылды – Алтай ауданы
Жауын-шашын салдарынан Бұқтырма өзенінің деңгейі көтеріліп, Алтай ауданының Зубовск кентіндегі тұрғын үйлерге қауіп төнді.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 5 тұрғын үйді және 24 үйдің ауласын су басуы мүмкін еді. Жергілікті атқарушы орган өкілдері жедел қимылдап, өзен жағалауын алдын ала нығайтты. Су тасқынына қарсы іс-шаралар дер кезінде жүргізілгендіктен, қауіп сейілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тұрғындар эвакуациядан бас тартып, уақытша туған-туыстың үйіне орналасқан. Ал ауыл мектебінде оқу онлайн форматқа ауыстырылды.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерғали Бахаев ауданға барып, жағдайды бақылауға алды. Өзен деңгейіне әуеден мониторинг жүргізілуде.
Сондай-ақ бүгін Катонқарағай ауданының Коробиха ауылында өзен деңгейі көтерілген. Алайда елді мекенге қауіп төнген жоқ. Шамамен, сағат он кезінде өзен арнасына түсті.