Алтайда екі тұрғын үйдің ауласына су кірді
Алтай ауданындағы Зубовск кентінде екі үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл елді мекен Бұқтырма өзенінің бойында ойпатта орналасқан. Соның салдарынан тұрғын үйлердің маңында үнемі тоқтау су пайда болады.
Тұрғындардан хабар түсе сала атқарушы орган өкілдері өзен жағалауын нығайтуды бастап кетті.
«Қазіргі уақытта су басқан үйлер жоқ. Мамандар үй маңындағы аумақтарды тазартады. Бұқтырма өзені арнасынан асқан жоқ», - деп мәлімдеді Алтай ауданының әкімдігі.
Алтайда таң бозынан бері жаңбыр жауып тұр. Соның салдарынан Соловьево ауылындағы Березовка өзені көтерілді. Жергілікті атқарушы органдар жедел іске көшіп, қосымша 500 қап дайындап, жұмысқа 20 техника жұмылдырды.
Суреттер ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен
Оқи отырыңыз