ШҚО-да екі мас жігіт автожолды бөгеп тастаған
ШҚО-да масаң күйдегі тұрғындар автожолдардың бірін бөренелермен бөгеп тастаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Алтай қаласында 20 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын әзіл үшін жолға қураған бұтақтарды жайып, бөренелерді қойып кеткен.
Ауызша жауап алу кезінде олар осылай әзілдегісі келгендерін айтқан. Ер адамдардың бұзақылық жасау кезінде орташа дәрежеде масаң күйде болғаны анықталды.
Ұсақ бұзақылық үшін тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз