Өскеменде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz
Өскеменде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ер адам өзінің жол жүрісі қағидаларын бұзған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл жағдай Әуезов даңғылында демалыс күні болған.
28 жастағы жігіт Инстаграмда қызықты бейнеролик көрсету мақсатында жол ережесінің бірнеше тармағын бұзып қана қоймай, өзі үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызған.
Сонымен қатар ер адам маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспаған, артқы доңғалақтарымен әдейі сырғу кезінде жол жабынын зақымдаған.
Көлік жүргізушісіне қатысты хаттамалар толтырылды. Аталған бұзушылықтар үшін оған айыппұл төлеуге тура келеді.