KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да мас адам көліктің жолын бөгеп, жүргізушіні жарақаттаған

19.03.2021, 16:09 825

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары өткізілуде.

Наурыз айының басында Шемонаиха ауданының полиция бөліміне қала аудандарының бірінде мас біреудің “ВАЗ” автокөлігінің жолын бөгеп, көлікті басқарып келе жатқан 28 жастағы жүргізушіге себепсіз дене жарақаттарын салғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Мән-жайды анықтау барысында бұзақының Рассыпное ауылының 38 жастағы тұрғыны екені анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу