KZ
Өскемен
-8°
пасмурно Штиль
523.86 544.34 5.11

ШҚО хирургтері өтінде тасы бар жүкті әйелді құтқарып қалды

3.05.2024, 17:45 162 Айна Ескенқызы

Жақында ШҚ облыстық ауруханасының дәрігерлері жүкті науқастың өт қабына ота жасап, оны сылып, алып тастады. Операция сәтті өтті. Қазір әйелге және оның болашақ баласына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі

Өтінде тасы бар 28 жастағы әйел жүктіліктің 19-шы аптасында облыстық диагностикалық орталықтың хирургына кеңес алу үшін жүгінген. Қабылдаудан кейін ол ШҚ облыстық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылып, хирургтер оның өт қабын алып тастайды.

– Алғаш рет ауырсынуды тоғыз жыл бұрын алғашқы жүктілік кезінде байқадым. Бірақ мен бұл гастрит деп ойладым да ауруханаға бармадым. Содан кейін де ауырсынулар болды, бірақ сирек, жылына шамамен бір рет. Енді, міне, жаңа жүктілік екезінде олар жиілеп, күшейе түсті. Ауырсынудың төзгісіз болғаны соншалық, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Дәрігерлер бір-екі күннен кейін мені ауруханадан шығаруға уәде берді, – деді науқас Айғаным Мұқатаева.

Хирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Башабаевтың айтуынша, жедел флегматозды холециститті дұрыс емдемеу ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Осы операцияның арқасында науқастың өміріне ешқандай қауіп жоқ.

– Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, бір жылда біз шамамен осындай бес операция жасаймыз. Ота лапароскопиялық түрде жүргізілді, іштің қабырғасын кеспей, қабынған өт қабын бірнеше ұсақ тесіктер арқылы алып тастады, – деді Марат Тыштықпайұлы.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО филиалы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіретін азаматтар ретінде сақтандырылған барлық жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің толық пакетін ала алатынын, оның ішінде қымбат диагностикалық тексерулерге, жоспарлы немесе шұғыл операцияларға құқығы бар екенін еске салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу