KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 6 м/с, СБ
509.84 595.75 6.47

Көктемгі әскерге шақыру науқаны қалай жүріп жатыр? – ШҚО

Фото: tengrinews.kz

3.05.2024, 19:46 444 Ержан Әбіш

Ел Президенті осы жылы 1 ақпанда «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру» туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

2024 жылғы 16 ақпанда бұл Жарлықты іске асыру туралы Үкіметтің №96 Қаулысы бекітілді.

Осылайша, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Өскемен қаласы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлімдерінде 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы ШҚО әкімінің 2024 жылығы 4 наурыздағы №50 Қаулысы бектілді.    

Өздеріңізге мәлім, әскери қызметті өткеру – мемлекет тарапынан айрықша сенімділіктің белгісі, ол Отан қорғаушының кәсіби адамгершілік-іскерлік және рухани келбетіне жоғары талаптар қояды. Өйткені, Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы!

Шығыс Қазақстан облысынан мерзімді әскери қызметке көктемгі және күзгі кезеңге 1600-ге жуық жас азаматты шақыру жоспарланып отыр.

Биыл қанша сарбаз әскерге шақырылады?

ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Өскемен қаласы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлімдерінде азаматтарды көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жүргізілуде.

Яғни, биылғы көктемгі шақыру науқанында ШҚО бойынша шамамен 800-жуық жас азаматты мерзімді әскери қызметке шақыратын боламыз.

Осылайша, денсаулық жағдайы бойынша жарамды және жеке моралдық-психологиялық жағдайы бойынша ұсынылған әскерге шақырушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жіберіледі, олар:

Қарулы Күштерге –  400-ге жуық;

ҰҚК Шекара қызметіне – 100-ге жуық;

ІІМ Ұлттық Ұланына –  250-ге жуық;

Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30-ға жуық;

Мемлекеттік күзет қызметіне – 10-ға жуық.

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдерінеберілген жоспарға сәйкес жастар әскери бөлімдерге жөнелтілді. Қазіргі таңда жастар Қарулы Күштер қатарына шақыртылуда.

Алғы шебі, 300-ға жуық әскерге шақырушы ҚР ҚК қатарының әскери бөлімдеріне жөнелтілді.

Көктемгі шақыру науқаны аясында қандай ер азаматтар әскерден босатылады?

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 35-бабына сәйкес әскери қызметке шақырудан:

1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;

2) 27 жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;

3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған;

4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;

5) ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткерген;

6) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;

7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.

Сондай-ақ соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылмайды.

Сонымен бірге төмендегі азаматтар әскерге шақыруды кейінге қалдырта алады.

Қолданыстағы заңға сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыру әскерге шақыру комиссиясының шешімімен беріледі, бұл ретте комиссияның төрағасы әкімнің орынбасары болып табылады.Әскерге шақыруды кейінге қалдыру:

1) отбасы жағдайы бойынша;

2) білімін жалғастыру үшін;

3) денсаулығы бойынша;

4) кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге;

5) ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге;

6) Парламенттiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына;

7) қылмыстық iстерi қаралып жатқан адамдарға;

8) азаматтық әуе және су кемелері экипажының мүшелеріне, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;

9) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.

Әскерге барудан бас тартатын азаматтарға қандай шара қолданылады?

Облыс көлемінде әскерден бастартқан азаматтар жоқ. Барлығымен заңнамаларды түсіндіру жұмыстары, жеке әңгімелесулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес түсінідірме жұмысы жүргізіледі.

Дегенмен, бас тартақан жағдайда Қылмыстық кодекстің 387-бабы қолданылады (3000 айлық есептік көрсеткіш айыппұл төлейді немесе 800 сағат қоғамдық ақысыз жұмысқа тартылады, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін).

Әскерге шақырылған жастар қандай дайындықтан өтеді?

ҚР Қарулы Күштерінің және басқа да әскери құралымдарында әскери бөлімдерде әскери борышын өтеп жүрген жастар әскери өмірге бейімделіп, оларды қайраттылыққа, жігерлікке, тез арада шешім қабылдай алатын жауынгерлер ретінде дайындайды. Олар әскери пәрмендерді оқып үйренәп, саптық дайыдықпен, қару-жарақтармен және түрлі техникалармен танысып, атыс, дене дайындығымен, оқу бағдарламасы аясында мемлекеттік құқықтық дайындықпен айналысады (1 жыл ішінде). Әскери өмірде шыңдалып келеді. Әскери қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың дәстүрі мен мерейін асқақтату, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің имиджін көтеру, тәуелсіз мемлекетіміздің баянды болашағы үшін аянбай қызмет ету және абыройлы міндет.

Мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздарға арналған қандай білім беру жеңілдіктері бар?

Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін 2 жыл ішінде, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-ларға оқуға түсу мүмкіндігі;

Анағұрлым лайықты әскери қызметшілер үшін ЖОО-лардың гранты есебінен тегін жоғары (оның ішінде жоғары білімнен кейінгі) білім алу мүмкіндігі;

Емтихансыз грант негізінде ЖОО-ның әскери кафедрасына (офицер атағын алу үшін) түсу мүмкідігі;

Анағұрлым лайықты әскери қызметшілер үшін емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсу мүмкіндігі бар.

ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсу жолдары қандай?

- 17 жастан бастап 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер, (мектеп бітіруші түлектер) 22 жасқа дейін мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздар;

- денсаулық жағдайы бойынша жарамды және жеке моралдық-психологиялық жағдайы бойынша ұсынылған әскери қызметке жарамды немесе шектеулі түрде жарамды;

- ҰБТ – 50 баллдан төмен емес;

- соттылығы жоқ.

ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментіне, Өскемен қаласы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлімдеріне барып толықтай мағлұмат алуға болады.

Әскери кызметшілер қалай әлеуметтік қамсыздандырылады?

Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне ағымдағы тұрғын үй төлемдері бойынша отбасының әрбір құрамына 49000 теңгеге дейін төленеді

47 жасқа толғаннан кейін зейнетке шығу;

Келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендерге біржолғы ақшалай сыйақыны 20 лауазымдық жалақыға дейін төлеу (келісімшарт жасау мерзіміне байланысты);

Лауазымдық айлық ақыларға экологиялық үстемеақылар;

Коммуналдық шығындарды төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеу;

Әскери кызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әскери медициналық  мекемелерде медициналық қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының алдыңғы қатардағы санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну;

Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында басқа жерге ауысқан кезде жаңа қызмет орнын ұсыну, сондай-ақ өз мүлкін баска жерге тасымалдағаны үшін көтерме жәрдемақы төлеу;

Жыл сайынғы негізгі демалысты қызметтік мүдделерін ескере отырып бөліп беру, екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлеу;

Білім беру мекемелеріне оқуға түсу емтихандарына дайындалу жане тапсыру үшін оқу демалыстарын беру.

 

Жасұлан Сатбалдиев,

 ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі депаратменті

 бастығының орынбасары

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу