KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

ШҚО-да алдағы күндер жаңбырлы болып, тасқын қаупі артады

pexels.com

5.05.2024, 10:00 121 Назерке Каримова

"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 6 мамырда облыстың басым бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Жауын-шашын мол жауып, күннің жылынуына байланысты 5-8 мамыр аралығында облыстың аумағында беткейлік және жергілікті ағындар қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтеріліп, қауіпті деңгейден асуы мүмкін. Сондықтан кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арықтар арнасынан асуы мүмкін.

ШҚО ТЖД азаматтарға кеңес береді:

- арықтар мен жыраларды тазарту;

- үйдің аумағын үйіп тастау үшін қолда бар материалды дайындау - қаптар, топырақ, құм, саз;

- егер үйіңіз су тасқыны қауіпті жерде болса, азық-түлік қорын жертөлелерден шығарыңыз;

- ауа райы болжамын және гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалаңыз.

Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу