Ертең ШҚО-да жауын жауып, көктайғақ болады

pixabay.com
"Қазгидромет" РМК ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 24 наурызда күндіз облысnың батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі.
Осындай метеожағдайларда ШҚО ТЖД халыққа сақтық шараларын ескертеді:
- жолдарда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз
- арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау, өйткені су арнасынан асуы мүмкін
- үй аумағын (қап, топырақ, құм, саз) үймелеу үшін қолда бар материалды дайындау.
- ТЖ туындаған жағдайда «112-ге» қоңырау шалыңыз
Оқи отырыңыз