ШҚО-да тасқынға қарсы күреске атсалысқан әскерилер марапатталды
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы күреске атсалысқан әскери қызметшілер марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шараға бірқатар әскери қызметші жиналды. Олардың қатарында аға буын өкілдері де, жас сарбаздар да бар.
Өңір басшысы Ермек Көшербаев табиғи апаттың алдын алуға жұмыла керіскен әскерилердің, еріктілер мен құтқарушылардың еңбегін ерекше бағалап, марапат табыстады.
Облыс әкімінің грамотасымен:
"ШҚО Авиациялық бөлімшесі" коммуналдық кәсіпорнының директоры Қалихан Байғонысов;
ШҚО бойынша "Қазгидромет" филиалының гидрология бөлімінің басшысы Іңкәр Асқарова;
Глубокое ауданындағы "Фаворит Құрылыс" ЖШС басшысы Артем Нестеров марапатталды.
Сондай-ақ Алғыс хат:
ШҚО жұмылдыруды қамтамасыз ету және жұмылдыру даярлығы қызметінің маманы Әйгерім Жанаеваға;
2535 әскери бөлімінің қызметкері Жандос Наурызовқа;
Глубокое ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы Әлішер Жарылғасыновқа;
Шемонаиха ауданын абаттандыру жөніндегі қоғамдық қызметкер Наталья Подойниковаға;
Күршім ауданының кәсіпкері Ләззат Құмароваға;
Алтай ауданы әкімі аппаратының арнайы тобының жетекшісі Амангелді Тымбаевқа;
Алтай ауданындағы "Камажанов" ЖК директоры Ренат Камажановқа;
Катонқарағай ауданындағы "Райысов Н.К." ЖК директоры Нұрдан Райысовқа табысталды.