ШҚО полицейлері қаза тапқан әріптесін еске алды
Бүгін Шемонаиха ауданының полиция бөлімі полиция полковнигі Даур Ибраевты еске алды.
Еске алу құрметіне мемориалдық стенд, балалар арасындағы дзюдодан турнир, жаңадан келген қызметкерлердің ант қабылдауы және жас көшеттер отырғызу сияқты шаралары өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмаз Төкенов ант қабылдау рәсімін аша отырып, полицияда қызмет ету қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімді талап ететінін атап өтті.
Естелік іс-шаралар Шемонаиха қаласының дене шынықтыру орталығында жалғасты, онда 11 салмақ дәрежесінде әр түрлі жастағы балалар арасында дзюдодан турнир өтті.
Даурдың ата-анасы - Болат Әбдірахманұлы мен Үміт Мұқашқызы құттықтау сөз сөйлеп, ведомстволық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшелерінің түрлі лауазымдарында жұмыс істеген ұлы полковник Ибраев туралы әңгімелеп берді. Ол Бородулиха және Шемонаиха аудандары ішкі істер бөлімдерін басқарған. 2016-2020 жылдары Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.
Айта кетейік, турнирге облыстың 70-тен астам балалары қатысып, жеңімпаздар медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Соңында полковник Ибраевтың туыстары, достары мен жақындары біздің халқымыздың рухы мен бейбітшіліктің символы ретінде полиция бөлімінің аумағына жас шыршалардың көшеттерін отырғызды. Бұл ағаштар өмірдің жалғасып жатқанын көрсететін уақыттың куәсі болады.