ШҚО ПД-да Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
29 тамызда ШҚО полиция департаментінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты жиында жас қызметкерлер Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шараға ШҚО полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков, ШҚО ІІО және ҚР ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев пен ПД бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Департамент бастығы Ерлан Омарбеков қызмет жолын бастаған жас полицейлерді құттықтап, олардың жұмысы үлкен шыдамдылықты, адалдық пен әділдікті, заңға қайшы әрекеттерге төзбеуді талап ететінін және қоғам мен мемлекет оларға ерекше сенім білдіретінін атап өтті.
– Сіздер барлық күш-жігерлеріңіз бен энергияларыңызды қылмысқа қарсы күреске бағыттайтындарыңызға және Отанымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін, – деп атап өтті.
Кәсіби шеберлік танытып, қылмысқа қарсы күрестегі міндетін орындауда жетістікке жеткен полиция қызметкерлері ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша төсбелгімен, медальмен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.