Ұлан ауданындағы Шалқар және Дұбығалы көлдерінің маңы қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Ұлан ауданының Шалқар көлінде және Тайынты ауылы аумағындағы Дұбағалы көлінің жағасында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлан ауданы әкімдігі ақпаратына сүйенсек, осы күнге дейін жалпы аудан бойынша бес су қоймасы тазаланып, 15 мың тонна қоқыс шығарылды. Науқанға қатысқан 500 адам аймаққа 200 түп сәндік ағаш көшеттерін отырғызып, аумақты толықтай қоқыстан тазартты.
Акцияға студент жастар, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының мүшелері, эко-белсенділер, еріктілер белсенділер, мемлекеттік қызметкерлер атсалысты.
Сібе көлдерінің жағалауында өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкер Мадина Болатқызы акцияға қатысушыларды ыстық тағаммен қамтамасыз етті.