KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
472.49 515.44 5.41

Өскемен – Астана: Тальгоның орнына уақытша стандартты пойыз жүреді

Фото: depositphotos.com

10.05.2024, 19:00 93 Ержан Әбіш

«Тальго» вагондарынан құрылған Астана – Өскемен жолаушылар пойызының құрамы уақытша ауыстырылады, деп хабарлайды Altainews.kz.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес техникалық себептер бойынша 2024 жылдың 9-31 мамыры аралығында №68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен 1» жүрдек пойызының орнына №508/507 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен 1» стандарт вагондардан қалыптастырылған пойыз жүретін болады.

Пойыздың қозғалысы бұрынғы кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады. Соңғы пунктке келудің ықтимал кідірісі 20 минуттан аспайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кешірім сұрайды және барлық сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтама бюроларына немесе 1433 бірыңғай анықтама қызметіне харабласуды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив