«Таза болса табиғат – аман болар адамзат»: ШҚО-да сурет байқауы басталды
pixabay.com
Экологтар күні қарсаңында облыс оқушылары арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық балалар суреттері конкурсы басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Конкурсқа барлық сынып оқушылары қатыса алады. Суреттер 26 мамырға дейін Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12, 2-қабат, 213-кабинетте қабылданады.
Толығырақ ақпарат алу үшін жауапты орындаушыға 8-777-288-61-58 (WhatsApp) телефон нөмірі бойынша немесе жұмыс уақытында ШҚО бойынша экология департаментінің әлеуметтік желілеріндегі парақшасына хат жазуға болады.
1973 жылдан бастап БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) басшылығымен жыл сайын өткізілетін іс-шара әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адамдар планетаны қорғауға қатысатын ең үлкен жаһандық экологиялық платформаға айналды.