KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Алтай ауданы сүт өндіру көлемін 45 пайызға арттырмақ

Фото: depositphotos.com

17.05.2024, 14:16 119 Ержан Әбіш

Алтай ауданында бүгінде бес ірі сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Сиыр саны 10 мыңға тақаған, жылына 26 мың тоннадан атсам сүт сауылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті.

Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Мойылды Байқоңыр» серіктестігі Полянское ауылында мың басқа арналған сүт фермасын салып жатыр, мұнда жылына 6500 тонна сүт өндірілетін болады. Тұрғысын ауылында да мың басқа арналған сүт фермасының құрылысы қолға алынған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр «Средигорненский-2» ЖШС Германиядан сименталь тұқымды 96 сүтті сиыр сатып алған болатын. Осы жылы сауын табынын тағы да көбейтіп, жабдықтар алуды жоспарлауда.

Аталған жобалардың арқасында 200-дей жұмыс орны құрылып, сүт өндіру көлемі 45%-ға артпақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив