Биыл ШҚО-да 7 ірі сүт фермасы салынады
Фото: depositphotos.com
2022-2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында биыл 55799,5 млн теңгенің 15 жобасын орындау көзделген. Оның екеуі жүзеге асып та қойды. Самар ауданында жем цехы салынса, Ұлан ауданында астық қоймасы кеңейтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сүтті мал шаруашылығы бағытында 22698 млн теңгенің 7 жобасы жоспарланды.
Атап айтсақ, Шемонаиха ауданында 616 басқа арналған сүт фермасы («Хамзин және Ко» КТ) салынады. Жылдық қуаты – 7500 тонна сүт. Құны – 3600 млн теңге. СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында 1666 млн теңгеге несие берілді.
Осы ауданда 500 басқа арналған тағы бір сүт фермасы салынады («Сугатовское» ЖШС). Жылдық қуаты – 4 мың тонна сүт. Құны – 3000 млн теңге.
Алтай ауданында 1 мың басқа арналған сүт фермасы («Мойылды Байқоңыр» ЖШС) салынады. Жылдық қуаты – 10 мың тонна сүт. Құны – 10151 млн теңге. СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында 4698 млн теңгеге несие берілді.
Аталған ауданында 300 басқа арналған сүт фермасын «Среднегорное-2» ЖШС салады. Қуаты жылына – 2920 тонна сүт. Құны – 1500 млн теңге. СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында 695 млн теңгеге несие берілді.
Ұлан ауданында 600 басқа арналған сүт фермасы («Украинка» ШҚ) салынады. Жылдық қуаты – 4800 тонна сүт. Құны – 2107 млн теңге. СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында 975 млн теңгеге несие берілді. Тағы да осы ауданда «АгроВосток LTD» ЖШС 800 басқа арналған сүт фермасын салмақ. Оның жылдық қуаты – 2500 тонна сүт. Құны – 2090 млн теңге, серіктестік өз қаражатын жұмсап отыр.
Шемонаиха ауданында 1080 басқа арналған тағы бір ферманы «Рулиха» ЖШС салмақ. Жылдық қуаты – 10800 тонна сүт. Құны – 1250 млн теңге. СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында 578 млн теңгеге несие берілді.
Етті мал шаруашылығы бойынша 200 млн теңгенің 1 жобасы көзделген. Зайсан ауданында 200 басқа арналған бордақылау алаңы («Әмір» ШҚ) салынады. Жылдық қуаты – 95 тонна ет.
Суармалы егіншілік бағытында 6416,4 млн теңгенің 3 жобасы жоспаранды.
Атап айтқанда, Шемонаиха ауданында 950 га алаңда («NurAgroRain» ЖШС) суару жүйесін салынады. Құны – 2562 млн теңге. Сол ауданында 600 га алаңда («Хамзин және Ко» КТ) суару жүйесі салынады. Құны – 3800 млн теңге. Күршім ауданында 260 га алаңда («Ұлан» ШҚ) суару жүйесі салынады. Құны – 54,4 млн теңге.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 26575,1 млн теңгеге 4 жоба көзделген болатын. Оның екеуі аяқталып отыр.
Өскеменде дәнді дақылдарды өңдеу зауыты («Normal Work» ЖШС) салынады. Қуаты – жылына 21600 тонна. Құны – 300 млн теңге. Облыс орталығында май экстракция зауыты («Altai mai» ЖШС) салынады. Қуаты – жылына 50 мың тонна. Құны – 26000 млн теңге.
Самар ауданында жемшөпті түйіршіктеу цехы («Мәмбет» ШҚ) салынды. Қуаты – жылына 500 тонна. Құны – 120 млн теңге. Ұлан ауданында астық қоймасы кеңейтілді («Багратион ВАВ» ЖШС). Қуаты – жылына 5 мың тоннадан басталады. Құны – 155,1 млн теңге.