KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

ШҚО аудандарының бірінде мал шаруашылығы өркендеп келеді

11.11.2020, 17:36 118
Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Мұнда әсіресе сүт өндіру ісі өркен жайып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ауданда сүт өндірумен айналысатын 15 ферма бар. Алты бірдей сүт қабылдау пункті жұмыс істейді.
Шемонайха әкімі Григорий Акуловтың айтуынша,  шаруа қожалықтары 10 мың бас сиыр ұстайды. Жылына 39 мың тоннадан астам сүт өндіріледі.
Сондай-ақ аудандағы «Камышинский» шаруа қожалығы 62 бас сиыр ұстайтын сүт-тауар фермасын салған. Дәл осы қожалық 36 басқа арналған тағы бір ферманы қайта жөндеуден өткізіпті.  
Қазіргі уақытта «Рулиха» ЖШС 600 басқа арналған сүт-тауар фермасын салып жатыр. Жобаның жалпы құны 2,7 миллиард теңге. Құрылыс-монтаж жұмыстары 90% орындалды. Ауыл шаруашылығына қажетті барлық техникалар сатып алынды. Жыл соңына қарай Голландиядан 330 бас асыл тұқымды сауын сиыр әкелу және сиыр саууға арналған жабдықтар сатып алу жоспарда бар.

69e5b11c-037d-4b65-b496-45f9bd3dd837.jpg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив