Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі тасжолдың 768 шақырымына асфальт төселді
gov.kz
Биыл «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автомобиль жолын толық пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі, автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдеді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жобаның 16 учаскесіне асфальттың жоғарғы қабатын төсеу үшін 1 мыңнан астам маман мен 900-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Бірқатар учаскелерді пайдалануға беру жаздың басына межеленген.
– Жолдың барлық ұзындығының бойында орналасқан көпірлер мен мал айдау өткелдерінің құрылысы бойынша да жұмыстар аяқталуда. Осы уақытқа дейін 40 көпір мен 6 өткел салынды, – деп хабарлады Төлеген Абдуллин. – Сондай-ақ аталған жобаның аясында бір көлік айрығы қарастырылған. Айта кетейік, аталған көлік айрығы 85%-ға дайын.
Жоба шеңберінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары күндіз-түні, яғни екі ауысыммен жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз
Өскемен-Талдықорған тасжолы қашан ашылады?Премьер-министр "Өскемен-Қалбатау-Талдықорған" автожол құрылысы туралы не деді?Биыл ШҚО-да республикалық маңызы бар мыңдаған шақырым жол жөнделмек«Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» тас жолының толық аяқталу мерзімі айтылдыБиыл «Талдықорған-Өскемен» жолының жөнделген бөліктері толық ашылмақ