KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Ертең ШҚО-да ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

23.05.2024, 12:26 101 Ержан Әбіш

Ертең, яғни 24 мамырда ШҚО-да алдағы «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында сейсмикалық жаттығу өтеді.

Оған өңірдің барлық азаматтық қорғау қызметтері, кәсіпорындар, өнеркәсіп объектілері, мекемелер, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Негізгі мақсат – халыққа жер сілкінісі жағдайында не істеу керектігін үйрету. Тұрғындар қауіпсіз орындарды, уақытша орналастыру пунктерін, эвакуациялау ережелерін білуге тиіс, дабыл  чемодандарын дайындай алуы қажет.

ШҚО ТЖД барлық тұрғындардан сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуды сұрайды.

– Алғашқы дүмпулер болған жағдайда сізде ғимараттан шығу үшін 10-15 секунд бар. Қауіпсіз орындарға тығылу керек, ол – үйлердің ішкі бұрыштары, арқалық жақтаулардың асты. Егер Сіз сыртта болсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алыс және ашық аумаққа тұрыңыз. Жер сілкінісінен кейін радионы қосып, жер сілкінісінен кейінгі әрекеттер туралы ақпаратты тыңдаңыз. Әрқашан дабыл чемоданыңыз дайын болуы қажет, – деп ескертеді ШҚО ТЖД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив