Самар ауданында мәдениет саласы мамандары тапшы
Осы мәселені шешу үшін жергілікті әкімдік қоныс аударуға ниет білдіргендерге жағдай жасамақ.
Ауданда алдағы он жылдыққа «Мәдениетті, өркениетті болашақ» жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мақсат - ауданда тұрақты еңбек етуге әзір мамандарды даярлау. Ал ол үшін халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің атындағы облыстық өнер училищесімен Самар аудандық мәдениет үйі екіжақты меморандумға қол қойған.
Айта кетейік, осыдан бірнеше апта бұрын Самар аудандық Мәдениет үйінің директоры Самардағы барлық мектептерді аралап, келешегін өнермен байланыстырамыз деген оқушыларды жинаған болатын. Шараға келген жастардың дені солар.
Экскурсия барысында колледж басшылығы арнайы бағдарлама әзірлепті. Білім ордасында ерекше көзге түсіп, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген студенттер оқушыларға өз өнерлерін көрсетті. Студенттер барлық аспаптарда еркін ойнады.
Осы орайда ерекше бір айта кететіні, колледжге балалар өздерінің өнерге деген бейімділігімен де түсе алады.
Жобаны авторы бұл жобадан үлкен үміт күтетінін айтады.
Сонымен қатар, Дархан Рамазанұлы колледждің биылғы бітіретін түлектерімен кездесіп, ауданға қызмет істеуге шақырды. Ал түлектер Самарға келу жоспарларында бар екендіктерін айтты. Айта кетейік, Дархан Бекбосынов колледж директорына аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Балалар колледжден шыққаннан кейін тарихи-өлкетану музейіне және облыстық драма театрына экскурския жасады.
Аталған жоба жаңадан құрылған аудандарға да үлгі болары сөзсіз. Себебі жаңа аудандардың басты мәселелері маман тапщылығы. Мәдениет үйінің дирекоры ауданға мәденеит саласында қызмет істейтін жастарды шақырады.