KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Самар ауданының жеке мұрағаты болады

16.11.2023, 14:57 233

Самар ауданының жеке мұрағаты болады. 

Аудан тұрғындарына енді жүз шақырымдай жерде орналасқан Көкпекті ауылының мұрағатына барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұған дейін Самар мен Көкпекті ауылдары бір әкімшілік бірліктің – Көкпекті ауданының құрамында болған. Осыған байланысты Самар ауылында өзінің мұрағаты жоқ және тұрғындар құжаттарды тапсыру немесе табу үшін жүз шақырым жүріп, Көкпектіге баруға мәжбүр. 
Аудандар бөлінгеннен кейін жағдай өзекті бола бастады. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың халықпен кездесуі барысында көтерді.
Бұл мәселе шешілетін болды. Мұрағат әкімдік ғимаратында орналастырылады, ол ғимаратта жақын арада жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы мақсаттарға 100 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив