KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
467.29 501.03 5.35

Білім саласы: ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынған

Фото: depositphotos.com

27.05.2024, 22:22 83 Ержан Әбіш

ШҚО-ның білім беру ұйымдарында ата-аналар мен педагогтардан ақша жинау фактілері қатаң қадағалануда. Қандай да бір заңбұзушылықтар болса, азаматтар 700-800 сенім нөміріне хабарласа алады, әрбір факт тексеріледі.

Облыстық білім басқармасы жыл басынан бері балабақшалар мен мектептердің, колледждердің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, заңсыз ақша жинаудың алдын алу мақсатында семинарлар өткізіп келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Білім беру ұйымдарында ата-аналардан, педагогтардан ақша жинау фактілері қатаң қадағаланады. Мұндай әрекетке заң бойынша тыйым салынған. Қандай да бір заңбұзушылықтар болса, азаматтар 700-800 сенім нөміріне хабарласа алады, әрбір факт тексеріледі, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Облыс мектептерінде ата-аналармен және педагогтармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселесі бойынша жиналыстар өткізу де дәстүрге айналған. Сондай-ақ бұл бағытта білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары мен «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары ұйымдастырылған.

Заң бойынша білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңесі қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржыны нысаналы жұмсау жөнінде шешім қабылдап, білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды.

Өкінішке қарай, 2021-2023 жылдары облыстың білім беру саласы қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын жымқыру бойынша 17 қылмыстық іс қозғалған, 2021 жылы – 4, 2022 жылы – 6, 2023 жылы – 7 іс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив