Қызы әкесінің атынан несие рәсімдеген - ШҚО

Фото: depositphotos.com
Өскемен тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, аляқтардың құрбаны болғанын айтқан. Ер адам белгісіз біреулердің оның атына несие рәсімдегені туралы білгенін, сол алаяқтарды табуларын өтінген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Банк қызметкерлеріның айтуынша, берешек сомасы – 800 мың теңге.
Полицейлер іздестіру жүргізіп, күдіктіні анықтады. Қызығы сол, несие рәсімдеуші әлгі арызданушының туған қызы болып шықты. Бойжеткен әкесінің телефонын жасырын түрде алып, оның атынан тауарлық несие рәсімдепті.
Тәртіп сақшылары алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Енді заң бұзушы төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.