Семей тұрғыны танысының атынан үш рет онлайн-несие алған
Семей тұрғыны өзінің танысының атынан жасырын түрде үш рет онлайн-несие алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жәбірленуші өз атына несие рәсімделгенін ұялы телефонына хабарлама келгенде ғана білген. Өзге біреудің несие алғанын түсінген ол полиция қызметкерлеріне 8-ші қазан күні шағым түсіріпті.Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 31 жастағы танысы ұсталыпты.
– Жалпы сомасы 538 мың теңгеге шыққан үш онлайн-несие қазанның 3-ші жұлдызында ресімделген, - деп мәлімдеді Семей Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.