KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, С
521.53 601.01 6.43

Өскемен тұрғыны танысының атынан үш рет онлайн-несие алған

12.07.2019, 12:13 381

Өскемен тұрғыны өзінің танысының атынан жасырын түрде үш рет онлайн-несие алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жәбірленуші өз атына несие рәсімделгенін ұялы телефонына хабарлама келгенде ғана білген. Өзге біреудің несие алғанын түсінген ол полиция қызметкерлеріне шағым түсірді.

Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы әйел адам ұсталды. Ол жәбірленушінің танысы болып шыққан.

– Жалпы сомасы 145 мың теңгеге шыққан үш онлайн-несие сәуір айында ресімделген, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу