Көршісінің сеніміне кіріп, несие рәсімдеген әйел ұсталды – ШҚО
Фото: bugin.kz
Облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп, оның атына алаяқтық жолымен несие рәсімдеген.
Зейнеткер көршісінен онлайн несие рәсімдеуге көмектесуді сұрайды. Біраз уақыттан соң әйел адам зейнеткерге несие мақұлданбағанын айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 2022 жылдың наурыз айында көршісінің зейнеткердің атына тұрмыстық несие рәсімдегені, ал 800 000 теңгеден астам сомаға сатып алынған техника күдіктінің үйіне жеткізілгені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға барынша сақ болу керектігін, банк карталарының нөмірлерін, пин-кодтарды, парольдерді басқа біреуге хабарламау керектігін еске салады.
Оқи отырыңыз