KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 2 м/с, Ю
517.16 588.48 6.23

Өскеменде Жас инспекторлардың облыстық слеті өтті

31.05.2024, 10:02 277 Ержан Әбіш

Өскемендегі №11 мектеп-лицейдің аумағында 6-8 сынып оқушылары арасында Жол қозғалысы жас инспекторларының облыстық слеті өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырған байқауға облыс мектептерінен келген 8 команда қатысып, жеті кезең бойынша бақ сынады. Сайыс саптық байқау, жол жүру ережесінің білгірі, велосипед тебу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт-насихат бригадаларының жарысы, білгірлер сайысы кезеңдерінен тұрды.

– Осындай байқаулар жиі ұйымдастырылуы керек. Өйткені балалар арасында жол ережесін сақтамау кесірінен көптеген жазатайым жағдайлар болып жатыр. Жол белгілеріне көңіл аудармайтын балалар көп. Осындай сайыстардың арқасында олар жол ережелерін ескеріп, естеріне сақтап, мейлінше жолға сақтықпен қарайтын болады, – деді Өскемен қаласы А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп жасағының жетекшісі Серік Бақтыбаев.

Байқауды ұйымдастырушы Қуаныш Сағынжанұлының айтуынша, слет бірнеше жыл бойы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың құрметіне арналып келеді.

– Жарыста бәрі сәтті өтті, менің ойымша барлық командалар жеңіске лайықты, – дейді Риддер қаласы «Шанырақ» мектеп-гимназиясының оқушысы Мейман Абзалов.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынға Өскемен қаласының А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі, 2 орынға Риддер қаласының «Шанырақ» мектеп-гимназиясы, 3 орынға Алтай қаласының мектеп-лицейі ие болды.

Барлық қатысушылар медальдармен, сыйлықтармен, жеңімпаз топтар кубоктармен, дипломдармен марапатталды. 

Ақмарал Мұхтарбекова, студент

Фото: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу