KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 6 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Риддер ЖЭО-да қысқа дайындық жүріп жатыр (видео)

27.06.2024, 14:00 76 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Риддер ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Нысандардың қазіргі жағдайы бағаланып, ЖЭО басшылығымен жаңарту жөніндегі негізгі міндеттер мен жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Биыл қазандық цехын жөндеуге 5,5 миллиард теңге бөлінді. Жұмыс 10 мамырда басталды. Демонтаждау жұмыстары барлық қазандықтар бойынша, сондай-ақ барлық қосалқы жабдықтар бойынша жүргізіледі. Еңбеккерлердің, мердігерлік ұйым өкілдерінің саны – 200 адам. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде, арттақалушылық жоқ, – деді кәсіпорын басшысы Константин Хан. 

Сондай-ақ биыл республика бюджетінен 19 шақырым жылу желілерін жөндеуге 2 миллиард 700 мың теңге бөлінген.

Нұрымбет Сақтағанов жылу беру маусымына уақтылы және сапалы дайындықтың маңызын, ЖЭО мен қаланың барлық жылу жүйесін жаңарту Риддер тұрғындары үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ алдағы қыста жылу берудегі ақауларды болдырмау үшін жөндеу жұмыстарының мерзімдерін қатаң бақылау және сақтау қажеттігін айтты.

Жұмысшылармен және инженерлермен әңгімелесу кезінде жаңарту барысында туындайтын мәселелер қозғалды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмыскерлерге сәттілік тілеп, еңбектері үшін алғыс білдірді. Ол мамандар тобының үйлесімді жұмысы барлық істі белгіленген мерзімде аяқтауға және қаланы жылумен сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кәсіпорынға қажетті көмек көрсетілетіні айтылды. Риддер ЖЭО-ны жаңарту – тек қала үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін маңызды жоба.

ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпаратынша, бүгінде Риддер ЖЭО-да барлық алты қазандықты, қосалқы жабдықтарды, сондай-ақ барлық экономайзерлер мен су жылытқыштарды жаңартуды жалғастыруды қоса алғанда, барлық проблемалық учаскелер күрделі жөнделуде. Жұмыстардың жалпы құны – 8,5 млрд теңге, аяқталу мерзімі – 1 қыркүйекке дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив