KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

Маңырақ пен Бозшаның арасындағы жол жөнделіп жатыр – Тарбағатай ауданы

5.07.2024, 17:01 290 Ержан Әбіш

Жол жылы аясында Тарбағатай ауданындағы облыстық Акжар-Шілікті жолының 93-108 шақырымдары, яғни Маңырақ пен Бозша ауылдарының арасындағы 15 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіле бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биыл Маңырақ ауылынан бастап Бозша ауылының бұрылысына дейінгі 15 шақырым жол асфальтталады. Келер жылы ары қарай Бозша ауылынан бастап Сарыөлең ауылының бұрылысына дейінгі 15 шақырым жол (93-78 км) орташа жөнделмек.

Аудан әкімінің орынбасары Талант Бақытбекұлының айтуынша, осы жылы Ақжар ауылы мен Омбы – Майқапшағай күре жолын жалғайтын 18 шақырым жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар биыл Ақмектеп – Қарасу ауылдары арасындағы 12 шақырым жолға, Ақжар, Тұғыл, Қабанбай, Маңырақ, Жетіарал ауылдарының көшелеріне асфальт төсеу жоспарлануда.

Ақмектеп пен Бозша ауылдарына кіреберіс жолдар да орташа жөнделеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу