Тарбағатай ауданы: Биыл қай ауылдар жарықтандырылады?
Фото: depositphotos.com
Биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл, Қабанбай, Маңырақ, Құйған, Шорға ауылдарының көшелері жарықтандырылады.
Ағымдағы жылы ауыл көшелерін жарықтандыру бойынша 14 жоба қолға алынған. Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ аудан басшысы биыл Қарасу, Ақжар және Жетарал ауылдарында көше жарық шамдарын орнатылатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жалпы аудан бойынша 22,5 шақырым көшеге 680 жарық бағаны орнатылып, 444 ескі шамдар жаңа жарық шамдарға ауыстырылған.