KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 5 м/с, С
473.95 513.38 5.5

Сенат депутаттары Тарбағатай аудандық ауруханасында болды

11.07.2024, 09:00 128 Серік Әбілхан

Парламент Сенатының депутаттары Шәкәрім Бұқтығұтов пен Ольга Булавкина жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданының елді мекендерін аралады. Жоғарғы палата өкілдері аудандық ауруханада болып, ғимараттың жалпы жағдайымен танысып, дәрігерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сонымен қатар халық қалаулылары медицина мекемесіндегі компьютерлік томографияға арналған бөлмені көріп, оны толық дайындауға қатысты мәселелерді талқылады. Былтыр күрделі жөндеуден өткен перзентхана бөлімінің және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ашылған оңалту кабиентінің жұмысымен танысты.

Аурухана ғимараты 1976 жылы салынып, қазіргі уақытта күрделі жөндеуді қажет етіп тұрса да замануи құрал жабдықтармен толық қамтылған. Аудандық аурухана құрамында жеті дәрігерлік амбулатория, 19 медициналық пункт бар. Стационар 42 тәуліктік және 23 күндізгі орынды хирургия, терапия, педиатрия, гинекология, перзентхана, реанимация, инфекциялық бөлімдерінен тұрады. Қазіргі уақытта  ауруханада 35 науқас ем алып жатыр. Былтыр аурухананың жылу және кәріз жүйесі, ауызсу құбыры желілері толықтай жаңартылған.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Өмірхан Қанағатов денсаулық сақтау саласы бойынша аудан көлемінде жүзеге асып жатқан жобаларға қысқаша тоқталып, Үкімет пен Парламент тарапынан шекаралық шалғай аудандарға зор көңіл бөлініп жатқандығына ризашылығын білдірді.

Аурухана ұжымымен кездесу барысында аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбекұлы ең негізгі мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда компьютерлік томографты орнататын бөлменің талапқа сай смета бойынша дайындалып, жөнделуіне қаражат қажет екендігін және  Тұғыл ауылының дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу үшін мемлекеттік сараптаудан өтіп тұрған жобасын іске асыруға көмек қажеттігін айтты7

Фото: Тарбағатай ауданы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив