Тарбағатайдың үш ауылында медпункт ашылады
pixabay.com
Асусай, Жамбыл және Байтоғас ауылдарында медпункт құрылысы жүріп жатыр.
Оған жалпы сомасы 590 млн теңге қаржы бөлінген, деп Altainews.kz тілшісі.
Тарбағатай ауданында медицина саласы қарқынды дамып келеді. Биыл аудан бойынша 3 жаңа медпункт ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы қаражаты 590 млн теңгені құрайтын медпункт құрылыстары Тарбағатай ауданының Асусай, Жамбыл және Байтоғас ауылдарында жүргізілуде.
Аудандық перзентхана ғиараты да былтыр 282,3 млн теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өтіп, 280 млн теңге қаражатқа құрал-жабдықтар мен аппараттар алынған. Қазіргі уақытта перзентхана 2-деңгейге өтіп, халықтың игілігіне қызмет етуде. Сонымен қатар, биыл аудандық ауруханаға компьютерлік томография орнатылмақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 453,9 млн теңге қаражат бөлінді.