KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Тарбағатайдағы перзентханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

26.01.2024, 10:04 71 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданында медицина саласы қарқынды дамып келеді.

Күні кеше аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл күнді тарбағатайлықтар көп күткені рас. Себебі бұған дейін жүкті әйелдерге облыс орталығына баруға тура келетін. Енді жас аналар заманауи аппараттармен жабдықталған, әдемі перзентханада сәбилерін бауырына баса алады.

- Соңғы үлгідегі, ІІ дәрежедегі, заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған перзентхана іске қосылды. Аудан алғаш бөлінген кезде Тарбағатайда медициналық туризмді дамытуды жоспарлап, алдымызға мақсат қойған едік. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Дәрігерлерде алыс-жақын шетелдерден біліктілігін арттырып келіп жатыр. Ол жұмыс әлі де жалғаса бермек, - деді аудан әкімі Дархан Жөргекбаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аталмыш ауданда 6 жаңа медициналық пункт ашылып, 2 пункт күрделі жөндеуден өткен болатын. Ағымдағы жылы 3 ауылда (Асусай, Жамбыл, Байтоғас, Қабанбай) жаңадан медициналық пункттер салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар аудандық аурухананың тағы бірқатар бөлімдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив